Диқандар кәсіпорын қалдығын кәдеге жарата бастады
Жамбылдық диқандар кәсіпорын қалдығын кәдеге жарата бастады. Олар аминқышқылдар сарқындысын алқап басына тыңайтқыш ретінде тасымалдауға көшті. Шу ауданында салынып жатқан жүгері зауытының қалдықтарынан қоршаған ортаға қауіп жоқ па? Топырақ экологиясы мен егіске қалай әсер етпек, Данияр Әлімқұл дихандар тәжірибесімен танысып келді.
Жамбылдық диқандар топырақты құнарлы қылатын құрамы зиянсыз тыңайтқыш себудің тың жолын таптық дейді. Олар Шу ауданындағы жүгеріні терең өңдейтін зауыттың сарқынды төгетін аумағына ағыла бастады. Өйткені өндірістік қалдықты қолданып, мол өнім алмақ ниетте. Ал кәсіпорын ақы сұрамағандықтан қалдықтарды алып кетуге арнайы көліктермен келген.
Досжан Омарбеков, шаруа қожалығының жетекшісі:
Мына шаруаларға тыңайтқышты тегін беріп жатқаны өте жақсы. Мынандай осылай үлкен көлікпен келіп, алу керек. Енді нәтиже болады деп күтеміз ғой. Бәріміз жақсылыққа жоримыз ғой.
Осылайша шаруалар «Таза Қазақстан» акциясына да айтарлықтай үлес қосуда. Расында кәсіпорын қалдығын қолдануы бұл қоршаған ортаның да қамы дерсіз. Өйткені игілікке жарамай жатса иістенетіні тағы бар.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Дәнді-дақылдар қажетті дәруменін тыңайған топырақтан алады. Сондықтан дихандар мына алқап тақталарына тыңайтқыш тасып, кәсіпорын қалдығын кәдеге жаратып жүр. Еккен егін бой алып, бітік шығады дейді. Мәселен мына жоңышқаның жайқала өсуіне биыл сәуірде себілген аминқышқылдың септігі тиген.
Иә диқандардың алды ерте көктемде-ақ егістеріне сеуіп көрген. Картоп, қарбыз бен қызылша да бітік шыққан.
Кішкентай болған, бір аптаның ішінде енді айта алмаймын өте мықты болды. Ұнады маған. 5 тектарға септік.
Қазір қалдық төгілетін аумақта 29 мың текше метр ашыған аминқышқыл сарқындысы жатыр. Ал Президент тапсырмасымен алдағы 6 жылда салынып бітуі тиіс жүгері зауытында қалдықтар қайдан пайда болған. Сұрау сала келе биыл бірінші кезеңі біткенін естідік. Сондықтан лицин, изолицин өнімдерін алу барысында шыққан шайындыларды тыңайтқыш ретінде тарата бастаған.
Нұргелді Нұрланұлы, зауыттың ресми өкілі:
Шаруаларға бізден қандай көмек болады деген идея келді. Кез-келген шаруа қожалық келсе де тегін бере береміз. Мысалға бір гектар жерді 5 тонна сумен суарса, оған 25 кг тыңайтқыш кетеді. Бұның қоршаған ортаға, адамның денесіне ешқандай зияны болмайды. Тек қана дақылдардың жақсы өсуіне. Өйткені бұның құрамында азот, фосфор, калий үш түрлі элементтен құралған.
Ал шағын қожалықтар 1 литр қалдықты 200 литр суға араластыру арқылы тыңайтқыш алып отырмыз дейді. Зауыттағылар диқандардың бұл тапқыр тәсіліне тәнті болды. Енді алда өзіміз де тыңайтқыш өндіруді жолға қоямыз дейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы