Шыңыраудың түбінен көмір қазған кеншілер
Екібастұз өңірінде 11 мыңға жуық шахтер бар. Ал, барланған көмір қоры алдағы екі ғасырға анық жетеді. Бұдан бөлек Екібастұздағы көмір кеніштерінің өзі әлемде некен саяқ. Кеншілер күні қарсанында тілшіміз Болат Аманбаев шыңыраудың түбінен көмір шығарып жатқан шахтерлермен жолғып қайтты.
Болат Аманбаев, тілші:
Бұл әлемде ашық әдіспен көмір өндіретін ең алып Богатырь кеніші. Мен қазір кеніштің ең төменгі табанында тұрмын. Жер бетінен 300 метр тереңдікте.Тілші. Шыңыраудан көмір шығару оңай емес. Бұл жердің климатының өзі басқарақ. Қыста ашық шахта іші қатты суыйды.
Рашид Мұқашев, эксковатор жүргізушісінің көмекшісі:
Жазда да солай, үстінде 30 градус болса, астында 35 градус ыстық болады. Соған ақырын-ақырын үйрендік. Қиын болды алғашында, ауыр техника бүкіл жағымызда, өзіміздің де техникамыз ауыр, үлкен.
Бұндағы кез келген техника көз үйренген стандартқа сыймайды. Көліктер 140 тоннаға дейін жүк тасыйды. Ал, Олег Редкозуб сағатына 1 мың тонна көмір артатын алып эксковатор жүргізушісі. Ол шахтерлар династиясының өкілі. Екі жыл қатарынан үздік маман атағын жеңіп алды.
Олег Редкозуб, эксковатор машинисі:
Менің әкем, ағам осындай эксковаторда істеген. Мен осы техниканы игергелі 4 жыл болды. Бір ауысымда 12 мың тонна көмір артамын. Жұмыс ауыр, бірақ айлық еңбекақымыз жақсы.
Екібастұздық кеншілердің орташа еңбекақысы 650 мың теңге. Бұл өңірдегі ең жоғары жалақы саналады.
Манар Ерботина, «Богатырь Көмір» ЖШС бөлім басшысы:
Шахтер кәсіби мерекесіне орай және басқа мерекелерге орай сыйақы беріледі. Жеңілдікпен шипажай, демалыс орындарына жолдама беріледі. Көпбалалы о отбасыларына қолдау білдіреді. Мысалы айтқанда 1-ші қыркүйекте «Мектепке жол» акциясына біздің кәсіпорын белсенді қатысады.
Ашық аспан астындағы бұл кеніштің Гиннестің рекордтар кітабына енуі бекер емес. Бұл аумақтың 70 тен аса шақырымында қатты отын қоры бар. Жылына 43 млн. тоннаға дейін көмір шығарылады. Көмір қазып, вагондарға салып жөнелту түгелдей автоматтандырылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы