Басты Жаңалықтар Өскемен облысындағы оқушылар халықаралық олимпиадаларда көш бастап тұр

Өскемен облысындағы оқушылар халықаралық олимпиадаларда көш бастап тұр

Биыл Шығыс Қазақстан облысындағы оқушылар халықаралық және республикалық олимпиада мен конкурстардан жиынтығы 171 медаль жеңіп алды. Оның 37-сі алтын медаль. Бұл өңірдегі орта мекпетердегі білім сапасының көрсеткіші.Осы жылы облыста мектеп бітірген түлектердің 60 пайыздан астамы жоғарғы оқу орнына грантқа түскен. Бүгін өңірдегі білім саласы мамандары дәстүрлі тамыз конфернциясында өткен оқу жылын қорытындылап, алда атқарылар жұмыстарын пысықтады.

Қыркүйектің бірінде облыстағы 354 мектептің табалдырығын 100 мыңнан астам оқушы аттайды. Ал бірінші сыныпқа 10 мыңға жуық бала барады. Өңірдегі 48 білім беру нысанын жөндеуге 2 миллиард теңге бөлінді. 25 мектепте 35 заманауи пәндік кабинет орнатылды. Нәтиждесінде ұстаздар дәріс беруде жасанды интеллект пайдалана бастады.

Асхат Құсайынов, мектеп директоры:

Әрине педагогтардың жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді.Барынша дамуына мүмкіндік береді. Тиімді қолданған жағдайда.Бұны оқушыларға да жеткізіп тіимді пайдаланамыз деген сенімдеміз.

Білім саласын цифрландыру бағытында жұмыс істеп жатқан отандық компания мамандары ұстаздарды өздері жасаған жобалармен таныстырды.

Гүлнұр Қайынбаева, оқу әдістемелік платформа жобасының кеңесшісі:

Біздің платформада ҚМЖ жасауға болады. Презентация көптеген генерациялар бар. Сабақты фото арқылы тексеруде бар.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім сапасын арттыруға бағытталған саясатын қолдай отырып, жыл сайын жергілікті бюджет есебінен 270 білім беру гранты бөлінеді. Оның шамамен 30%-ы педагогикалық мамандықтарға бағытталады.

Қазір өңірде 3 пен 6 жас аралығындағы балалар 100 балабақшаға барады. Ал қыркүйектің бірінде облыста жаңадан үш мектеп ашылады.

Бөлісу