Шымкентте рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды
Шымкентте заңсыз қоқыс тастағандарға бақылау күшейтілді. «Таза Қазақстан» акциясы аясында шаһар іргесіндегі «Жұлдыз» тұрғын алабынан 70 тонна құрылыс және тұрмыстық қалдық шығарылды. Тазалық жұмыстарына коммуналдық қызмет мамандары мен еріктілер белсене атсалысты. Жыл басынан бері қала бойынша 20 заңсыз қоқыс орны анықталған. Ал ғарыштық геопортал арқылы жүргізілген мониторинг нәтижесінде тағы 30-ға жуық бейберекет қалдық төгілген орын тіркелді. Заңсыз үйінділерді дер кезінде тазаламағаны үшін Еңбекші және Әл-Фараби аудандары әкімдіктерінің бірқатар қызметкері жауапкершілікке тартылды.
Дүйсен Құлтілеуов, қалалық экология департаменті басшысының орынбасары:
Жеңіл машинамен келіп тастайтындары бар, газельмен үлкен машиналармен келіп тастайтындары бар. Солардың бәрі жинақталып, қоқыс полигонына айналуда. ПД бірге тиісті шаралар көріліп жатыр, айыппұлдар салынып жатыр.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем жаңалықтарына шолу
26.08.2026, 20:23
Димаштың мексикалық жанкүйерлері ерекше акция өткізді
26.08.2026, 20:13
Зейнетақы жинағын көбейтудің жаңа жолы ұсынылды
26.08.2026, 20:11
Алатау қаласының инвестициялық әлеуеті 6,9 млрд долларға жетті
26.08.2026, 20:10
Президент: Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі
26.08.2026, 20:09
Әлемдік классика жауһарлары – қазақ сахнасында
26.08.2026, 20:09
2029 жылға дейінгі цифрландыру жоспары бекітілді
26.08.2026, 20:08
Қостанайда судомодель спортынан оқушылар арасында республикалық жарыс өтіп жатыр
26.08.2026, 20:07