Президент мектептерге ЖИ енгізу жұмысын сынады
Мемлекет басшысы орта білім беру жүйесіне жасанды
интеллектіні енгізу жұмыстарының тиісті деңгейде орындалмағанын сынға алды.
Президент мамыр айында осы бағытта арнайы Жарлыққа қол қойғанын еске салып,
балалар мен педагогтердің ЖИ-ді дұрыс әрі жүйелі қолдану тәртібін шұғыл
әзірлеуді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект мүмкіндіктері тек
білім алудың құралы емес, табыс табудың да көзіне айналуға тиіс екенін айтты.
Әсіресе ауыл жастары цифрлық технологияларды тиімді пайдалануды үйренуі қажет.
Үкіметке жоғары білім саласындағыдай орта және кәсіптік-техникалық білім беру
жүйесіне де ЖИ қолданудың ортақ стандартын енгізу міндеті жүктелді. Президент
қыркүйекте Жасанды интеллект университеті ашылатынын хабарлады. Сонымен қатар
Қытайдың тәжірибесін ескере отырып, Астанада Қазақстан-Қытай жасанды интеллект
мектебін ашу мәселесін пысықтауды тапсырды. Сонымен қатар министрлікке
орта білім мазмұнын заман талабына сай жаңартып, тиісті бағдарламаларды жедел
әзірлеу міндеті жүктелді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының
Президенті:
«Келешек мектептері» инновациялық шешімдерді енгізу және ұлттық білім беру үлгісін қалыптастыру ісінде маңызды рөл атқаруы керек. Осы орайда Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясына зор жауапкершілік жүктеледі. Алдағы үш жыл ішінде «Келешек мектептері» білім берудің озық тәжірибелерін сынақтан өткізетін орталыққа айналуы тиіс.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұшатын көлік: Илон Маск жаңа Tesla Roadster гиперкарын таныстырды
18.10.2026, 20:00
Қазақстан мұнай экспортын кеңейтпек: Баку–Тбилиси–Жейхан бағытының маңызы қандай?
18.10.2026, 20:00
Король Филипп: Шаңырағыңыз биік болсын!
18.10.2026, 20:00
Кәсіп бастауға арналған қайтарымсыз грант беру тоқтатыла ма?
18.10.2026, 20:00
«Трамп дәлізі» Қазақстанға қандай пайда әкеледі?
18.10.2026, 20:00
Ипотеканы қайта қаржыландыру: Кімдер жеңілдік ала алады?
18.10.2026, 20:00
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37