Басты Жаңалықтар Ақмола облысында 1,3 млн тонна астық бастырылды

Ақмола облысында 1,3 млн тонна астық бастырылды

Биыл ақмолалық диқандар орақ науқанына жылдағыдан екі аптаға ерте кірісті. Нәтижесінде шаруалар бүгінде 1,6 млн гектар алқаптан 2 млн тонна астық бастырып үлгерді. Орташа өнімділігі гектарына 12,2 центнер.

Күннің аптап ыстығы астықтың ерте пісіп, жетілуіне ықпал етті. Жалпы өнімнің 40 пайызының құрамында ақуыз бен клейковина мөлшері жоғары, әлемдік нарықта сұранысқа ие Hi-Pro стандартына сәйкес келеді. Жиналған астықты 67 кәсіпорын қабылдайды және сыйымдылығы 7,3 млн тонна болатын 1,5 мыңға жуық қойма дайындалды. Биыл ақмолалықтар 8 млн тонна дәнді-дақыл жинауды жоспарлап отыр.
Азамат Ехсанов, облыстық а/ш басқармасының бөлім басшысы:
Биыл облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға 316 млрд теңге қарастырылған. Қазіргі егін жинау науқанына 14 жарым мыңнан астам ауылшаруашылығы техникасы жұмылдырылды. Қазіргі алып жатқан өніміміз өте жақсы. Сапасы да жақсы. Қазір ауа райы да қолайлы. Егін орағы қызу жүріп жатыр бізде облыста.


Бөлісу