Үздіксіз жұмыс істейтін 9 кәсіпорында арнайы сайлау учаскелері ашылды
Биыл Ақмола, Атырау және Қарағанды облыстарында үздіксіз жұмыс істейтін 9 кәсіпорында пилоттық жобада арнайы сайлау учаскелері ашылды. Бұл жаңашылдық ауысыммен еңбек ететін азаматтардың конституциялық дауыс беру құқығын толық қамтамасыз етпек.
Көкшетаудағы полимер қаптамаларын шығаратын зауыттың жұмысшылары биыл алғаш рет өндірістен қол үзбей, сайлауға қатысып жатыр. Кәсіпорында ашылған арнайы 805-ші учаскеге 276 азамат тіркелген. Олар күндізгі не түнгі ауысымнан шыға салысымен бірден дауыс бере алады. Сондықтан саяси науқан қызу жүріп жатыр. Адам қарасы қалың. Жалпы, зауытта 1 мыңнан аса азамат еңбек етеді. Олардың басым бөлігі сайлауға өз мекен-жайы бойынша қатысады. Жалпы, өңірде осындай тағы 2 учаске жұмыс істеп тұр. Екеуі де кен өңдеп, алтын шығаратын өндіріс ошақтарында ашылды. Бұл күні өндірістен қол үзбей, өз таңдауын 18-дегі жас жұмысшы Нұрболат Перде де жасады. Ол алғашқы дауыс беруші ретінде қолына сыйлығын алды.
Нұрболат Перде, жұмысшы:
Қазақстан өте дамып келе жатыр. Цифровой жағынан, жалпы адал еңбекті бағалап жатыр қазір. Менің бірінші жылым осында дауыс беріп жатқаным. Жасым 18-де. Үзіліссіз жұмыс жасайтын орын болғандықтан, уақыт болмайды көбінесе, дауыс беруге. Өзіміздің өмірімізге де уақыт бөле алмай қаламыз. Осындай іс-шаралар жасағаны бізге өте пайдалы деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы