Биыл елге 3 млн турист келген
Қазақстанда туристік инфрақұрылым жақсарып, қонақ үйлер, демалыс базалары және басқа да орналастыру нысандарының саны артқан. Бұл елге келетін туристер ағынының артуына сеп болды. Статистикаға көз жүгіртсек.
Қазақстанға келген шетелдік туристердің саны артып келеді. Мәселен, 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елге 3 миллион шетелдік саяхатшы келген. Ал сыртқа шыққан Қазақстан азаматтарының саны 2,5 млн-ға жуықтады. Шетелдік қонақтардың негізгі бөлігі – Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей азаматтары. Олар Алматы тау кластері, Щучинск-Бурабай, Маңғыстау курорттық аймағы, Түркістан туристік аймағы мен Алтай курорттық аймақтарында демалғанды құп көрген. Мамандардың сөзінше, туристер ағынына инфрақұрылымның жақсаруы, яғни қонақүйлерді, демалыс базаларын және басқа да орналастыру нысандарын көбейтуі сеп болған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы