Қазақстан әлемдегі бақытты елдер рейтингінде 33-орында
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдердің бірі. Жаһандық бақыт индексі рейтингінде, еліміз бір жыл ішінде 43-орыннан 33-орынға көтерілді. Тізімге 147 ел енген, ал бағалау көрсеткіші тұрғындардың өз өміріне қаншалықты қанағаттанатынына негізделген. Айта кетерлігі, Қазақстан тізімде тек жоғарылап қана қоймай, Франция мен Сингапур сияқты дамыған бірқатар елді артта қалдырды. Ал, ТМД және Орталық Азия мемлекеттері арасында көш бастап тұр. Жаһандық рейтинг тізімінде Финляндия бірнеше жылдан бері бірінші орынды сақтап келеді. Ал Солтүстік Еуропа елдері үздік үштікте. World Happiness Report есебін жыл сайын БҰҰ, Оксфорд университеті және Gallup аналитикалық компаниясы бірлесіп жариялайды. Бұл рейтинг өмір сапасын бағалауға арналған ең ірі жаһандық зерттеулердің бірі саналады.Сарапшылар Қазақстанның бірден 10 орынға көтерілуі елеулі жетістік дейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы