Смағұл Елубай: Әр азамат өз болашағы үшін жауапкершілік танытуы керек
Ұлт зиялылары да маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымын білдіріп жатыр. Белгілі жазушы Смағұл Елубай Алматыдағы №301 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы ел тағдырына қатысты таңдау әр азаматтың жауапкершілігін талап ететінін айтты. Оның сөзінше, дауыс беру – жай ғана саяси науқанға қатысу емес, елдің болашағына қатысты азаматтық ұстанымды білдіру. Сондықтан әр адам өз таңдауына бей-жай қарамай, дауыс беру құқығын пайдалануы маңызды.
Смағұл Елубай, жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Әрбір Қазақстан азаматы өз болашағын таңдап жатыр. Кейде кейбір адамдар немқұрайлы қарайды. Ол – өз болашағына немқұрайлы қарау деген сөз, өте өкінішті жағдай бұл. Өзі дауыс берсе, сол берген дауысына лайықты болашақты бастан кешеді. Ендеше, белсенді болу, өз болашағымызға жауапкерлікпен қарау әрбір азаматтың тікелей міндеті деп білем.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматылық оқушы халықаралық олимпиадада топ жарды
30.10.2026, 17:28
Ел жаңалықтарына шолу
30.10.2026, 17:23
Павлодардағы медициналық емханада бюджет қаржысын жымқырған
30.10.2026, 17:22
Ауғанстан фермерлері көкнәрді қайта өсіре бастады
30.10.2026, 17:20
Ертіске 22 мыңнан аса бекіре шабақ жіберді
30.10.2026, 17:17
Ауыл шаруашылығына арналған маркетплейс іске қосылуы мүмкін
30.10.2026, 17:15
Президент Жолдауы ел дамуына сеп болатын стратегиялық бағдар
30.10.2026, 17:14
Түркі әлемінің цифрлық ынтымақтастығы кеңейеді
30.10.2026, 17:12