Абай облысында 464 сайлау учаскесі ашылды
Құрылтай сайлауында әсіресе Абай облысы өте белсенді. Аймақта 464 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Оның 35-і жабық болса, 429-ы ашық учаске. Сайлаушылар таңнан бері өз таңдауларын жасауда. Орталық сайлау комиссиясы мәлім еткендей, сағат 10:00-дегі мәлімет бойынша Абай облысы ең көп дауыс берген өңірлер ішінде екінші орында тұр. Сайлау учаскелерінде дауыс берушілерге барлық жағдай жасалған. Әзірге заң бұзушылық тіркелген жоқ. Халық белсенді дауыс беріп жатыр.
Имдат Эфендиев, №93 сайлау учаскесінің төрағасы:
Азаматтардың сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасауына барлық жағдай жасалды. Бүгінгі күн еліміздің демократиялық дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі ретінде тарихта қалмақ. Бұл – мемлекетіміздің одан әрі нығайып, елдің әл-ауқаты арта түсуіне жол ашатын өзгерістердің бастауы. Осындай қуатты, дамыған ел болу – бірнеше буынның арманы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнайшылар өңірінде де сайлаушылар дауыс беруге ынталы
23.08.2026, 12:12
Түркиядағы отандастар да дауыс берді
23.08.2026, 12:11
Онлайн марафон аясында Алматыдағы медиа орталықтың SKY студиясы да жұмыс істеп тұр
23.08.2026, 12:00
ОСК азаматтардың белсенділігі бойынша ақпаратты жариялады
23.08.2026, 11:59
Қазақстанның 27 университеті QS рейтингіне енді
23.08.2026, 11:58
Еуропада сайлау учаскелері ашылды
23.08.2026, 11:57
«Құрылтай сайлауын ұйымдастыру деңгейі жоғары»
23.08.2026, 11:54
Онлайн марафонда ел тәуелсіздігінің 35 жылдық даму жолы сараланып жатыр
23.08.2026, 11:09