Халықаралық байқаушылардың жұмысы қызды
Сайлау учаскелеріндегі халықаралық байқаушылардың жұмысы қызды. Таңнан тәртіп пен тыныштықты бақылаған шетелдік мамандар бүгін сайлау қорытындысы шыққанға дейін учаскелерде жүреді. Алматы ауданында орналасқан нөмірі 15 сайлау учаскесіне Грузиядан келген байқаушылар науқанды бақылап жүр. Бұл жерде 2 мың 775 адам өз таңдауын жасауға мүмкіндігі бар. Олардың арасында 90 адам саяси науқанға алғаш рет қатысқалы тұр. Әзірге тек 2 жас өзіне тиесілі бюллетенді жәшікке салған.
Георгий Каландаришвили, халықаралық байқаушы:
Бақылаушы болғанымызбен мандатымыз шектеулі. Саясатқа араласпай тек заң мен техникалық тұрғыда бақылау жүргіземіз. Әзірге ешқандай олқылықты байқамадым. Комиссия мүшелері жақсы дайындалғаны көрініп тұр. Бірнеше учаскеге барғаннан кейін толық бағамды бере жатамын. Қазақстанға бұған дейін 2010-2011 жылдары халықаралық бақылаушы ретінде келгенмін. Сайлау деңгейі едеуір өскен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қорғаныс министрі дауыс берді
23.08.2026, 11:05
Қазақстан халық партиясының төрағасы дауыс берді
23.08.2026, 11:05
Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі дауыс берді
23.08.2026, 11:04
Премьер-министр Олжас Бектенов дауыс берді
23.08.2026, 11:04
Онлайн марафон жалғасып жатыр
23.08.2026, 10:04
ОСК азаматтардың белсенділігі бойынша ақпаратты жариялады
23.08.2026, 10:03
Орталық сайлау комиссиясының алғашқы мәліметі қашан шығады?
23.08.2026, 10:02
Қазақстан жаһандық инвестициялық рейтингінде 53 орында тұр
23.08.2026, 10:02