Басты Жаңалықтар Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады

Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады

Келесі жылы Түркістан қаласы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады.  Бұл туралы Мемлекет басшысы  саммитте айтты. Киелі қаланы Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының өзі таңдап, шешім қабылдаған. «Бұл мәртебе еліміздің халықаралық аренадағы рөлін нығайтады. Қазақстанның алдында зор жауапкершілік тұрғанын да ұмытпауымыз керек. Сондықтан жауаптылар қаланы жоғары деңгейде дайындауы тиіс», дейді теолог-ғалымдар.

Досай Кенжетаев, философия және теология ғылымдары докторы:

Ол бизнесте болсын, ол ғылымда болсын барлығы осы Түркістанда қайтадан әлемге танытылатын болады. Түркістан осыған дайын болу керек, үлкен жауапкершілік. Өзіңіз ойлаңыз, 60 мемлекеттен осындай жәдігерлер, ғалымдар, саясаткерлер жыл бойы Күлтөбенің басында үлкен кеңес демекші, осындай кеңес жылы боп табылады.

Бөлісу