Вице-Президент ішкі саясат мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте сөз сөйледі
Ақордада Вице-Президент Ерлан Қариннің төрағалығымен ішкі саясат мәселелері жөнінде республикалық кеңес өтті. Жиынға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Үкімет мүшелері, өңір әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат басқармаларының басшылары қатысты. Вице-президент өз сөзінде идеологиялық күн тәртібін қалыптастыратын конституциялық құндылықтарға кеңінен тоқталды. Прогрессивті конституциялық құндылықтарды одан әрі ілгерілетіп, қоғамдық санада орнықтыру қажет екенін атап өтті.
Ерлан Қарин, ҚР Вице-Президенті:
Түптеп келгенде біздің жалпы идеологиямыздың бәрі осы Конституцияда. Ішкі саясаттағы негізгі біздің мақсатымыз бен міндетіміз – Конституциядағы қағидаттар мен құндылықтарды қорғау оны қоғамдық санада орнықтыру, ілгелірету, жас ұрпақты осыған баулу.
Вице-Президенттің айтуынша, ішкі саясаттың басым бағыттарының бірі – Мемлекет басшысының тапсырмалары мен бастамаларын сапалы жүзеге асыру. Кеңес барысында этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, қоғамдық бірлестіктермен және сарапшылармен өзара іс-қимыл жасау мәселелері, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық, ақпарат, отбасы және жастар саясатындағы басымдықтар қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға ішкі саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы