Қазақстанның транзиттік әлеуеті Түркі ынтымақтастығын тереңдетеді
Қазақстан төрт тараптың тоғысқан тұсында орналасқан мемлекет. Осы территория - елдің стратегиялық артықшылығы. Себебі әуе, теңіз және құрлық бағыттарындағы байланысты кеңейтуге мүмкіндік көп. Әсіресе, Каспий арқылы өтетін тасымал жолдарын дамыту, логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту Қазақстанның халықаралық транзиттік әлеуетін арттыра түседі, - дейді сарапшылар.
Жанат Момынқұлов, саясаттанушы:
Мұндай географиялық мүмкіндік кейбір мемлекеттерде жоқ. Каспийге шығу, Қытаймен, Ресеймен көрші елміз. Сауда-саттық, алыс-беріс, барыс-келістің көбеюі. Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялануы. Жаһандық жеткізілім тізбектерінде қосылуы, міне осының барлығы Түркі жобасы деп аталатын көлік-транзиттік торабы желісі деп айтуға болады. Қазақстан осы бағытта жұмысын жалғастыра беру керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы