Басты Жаңалықтар Ресейде бес сайлау учаскесі ашылды

Ресейде бес сайлау учаскесі ашылды

Ресейде бес сайлау учаскесі ашылды. Олар Мәскеу, Санкт-Петерубрг, Қазан, Омбы және Астрахань қалаларында орналасқан. Бізбен тікелей байланысқа Мәскеудегі нөмірі 429-дауыс беру учаскесінен тілшіміз Индира Бегайдар қосылуға дайын. Индира, Ресейде уақытша тұрып жатқан қазақстандықтардың белсенділігі қалай?

Индира Бегайдар, тілші:

«Қайырлы күн........ Иә, мен тұрған Мәскеудегі нөмірі 429 сайлау учаскесі осыдан бір сағат бұрын ашылды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, отандастарымыз, әсіресе жастар жағы белсенді. Мәскеу облысының Дубна қаласында Біріккен ядролық зерттеулер институтында 100-дан астам қазақстандық ғалым жұмыс істейді. Бүгін олар алыстан ат терлетіп келіп отыр. Сайлауда дауыс беру үшін тұрып жатқан қалаларынан  таңғы бесте шығыпты.

Ержан Мұхамеджанов, БЯЗИ жоғары энергия физикасы зертханасы ғылыми хатшысының орынбасары:

Рахмет! Бүгін дауыс беруге келген ғалымдарымыздың орташа жасы 30. Олардың бірсыпырасы  физика-математика ғылымдарының кандидаты және PhD докторы ғылыми дәрежесіне ие. Еліміздің келешегіне бей-жай қарамайтын олар бүгін учаскеге келіп өз таңдауын жасады. Тағы бір айта кететін жәйт, Мәскеудегі сайлау учаскесінде дауыс берушілер бауырсақтан дәм татып, концерттік бағдарламаны тамашалай алады. Халықаралық байқаушылар да таңмен таласа келіпті. Комиссия төрағасының айтуынша, Мәскеуде уақытша тұрып жатқан, іс сапармен келген отандастарымыз, барлығы …… адам тізімге енгізілген. Ең алғашқы және ең соңғы дауыс берушіге арнайы сыйлық тағайындалды. Ресейдегі дауыс беру процесі туралы алдағы уақытта да баяндаймыз.....


Бөлісу