Жетісу облысына 120 дәрігер қажет
Жетісу облысы бойынша 120 дәрігер қажет. Әсіресе хирургтар, акушер-гинекологтар мен жалпы тәжірибелік дәрігерлерге сұраныс жоғары. Мамандардың аздығынан аймақтағы ауруханаларда бірқатар жұмыс орындары бос тұр. Мәселені шешу үшін биыл облыстық бюджеттен резидентурада 151 маман даярлауға 488 млн теңге бөлінді.
Ерік Нұрланбаев, қалалық көпсалалы аурухана директорының
орынбасары:
Жас мамандардың кәсіби дамуына ерекше көңіл бөлеміз. Біліктілігін арттыруға, республикалық орталықтарда тәжірибе жинауға, шеберлік сабағына қатысуға және технология меңгеруге мүмкіндік береміз.
Өңірде дәрігерлердің тұрақтап қалуы үшін әлеуметтік қолдау мәселесі қолға
алынған. Биыл 15 медицина қызметкері
баспанамен қамтылса, 20 маман біржолғы көтерме жәрдемақы алды. Ал, «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 155 маман
шақырылыпты. Оның 59-ы ауылдарға
аттанса, 96-сы қалаларға жұмысқа орналасқан. Дипломмен келген жастарға
әлеуметтік тұрғыда жағдай жасалып жатыр.
Ермек Мизамбаев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының басшысы:
155 маманға 52 млн тг көлемінде көтерме жәрдемақы берілді. Тұрғын үймен қамтамасыз ету немесе салып алу үшін 2000 АЕК – 2500 АЕК төлемдер беріледі. Яғни бұл 10 млн теңгеге дейінгі әлеуметтік қолдау шаралары.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе облысында өнертапқыштарды қолдай бастаған
05.10.2026, 17:25
Дүниежүзілік азық-түлік күні мерекесі тойланды
05.10.2026, 17:24
Астанада ШҚО жәрмеңкесі ұйымдастырылды
05.10.2026, 17:22
«Ауыл аманаты»: Кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетілді
05.10.2026, 17:20
Шымкенттің қоқысын тасуға тағы жаңа көліктер берілді
05.10.2026, 17:18
Ел жаңалықтарына шолу
05.10.2026, 17:15
Ақмола облысында 38 жаңа медициналық нысан салынған
05.10.2026, 17:13
Көлік, әуе, кеме бағыты цифрландырылуда
05.10.2026, 17:12