Басты Жаңалықтар Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді

Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді

Құрылтай сайлауы күні «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының ұйытқы болуымен жалпыұлттық online-марафон өтеді. 16 сағатқа жалғасатын тікелей эфир таңғы сағат 9-дан басталмақ. Ауқымды  медиажоба барысында қоғамдағы өзекті тақырыптар талқыланып, сайлау барысынан үздіксіз ақпарат беріледі. Оған қоғам қайраткерлері, белсенді азаматтар, өз саласында жетістікке жеткен мамандар, сарапшылар, блогерлер, спортшылар мен өнер жұлдыздары қатысады. Іс-шара аясында бірнеше алаң жұмыс істейді. Басты сахнада түрлі тақырып бойынша спикерлер ой бөліседі. Брифинг алаңында науқанға қатысты ресми ақпараттарды жарияланады. Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан тікелей қосылымдар ұйымдастырылады. Жалпыұлттық online-марафон республикалық және аймақтық телеарналардың эфирінде, сондай-ақ отандық БАҚ-тың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тікелей көрсетіледі.

Бөлісу