Жетісу омарташылары 130 тоннадан аса бал өндіреді
Жетісу облысында омарта шаруашылығы қанат жайып келеді. Өңір шаруалары жыл басынан бері 130 тоннадан астам өнім алған. Бүгінде дайын тауар ел нарығын қамтып отыр. Ұқыптылық пен еңбекті қажет ететін кәсіп жайлы келесі сюжеттен көрейік.
Омарташы Ақан Жұматаев үшін бал арасын күтіп-баптау күнделікті жұмыс. Ол 250
омартаны бақылап, жәндіктерді түрлі аурудан сақтайды. Ұядағы тіршілікті
қадағалайды. Осылайша көктем мен күздің арасында 3 рет өнім алады. Таулы
аймақтағы өсімдік балдың дәмі мен сапасына әсер етеді. Сондықтан әр маусымда жиналған
өнімнің өзіне тән ерекшелігі бар.
Ақан Жұматаев, омарташы:
Текелі тауының ауа райы араға қолайлы. Бұл жерде әртүрлі шөптер өсіп жатыр. Бақа гүл дейді, пергаларды жақсы жинайды. Былайша айтқанда, дамуы тез болады. Көктемгі дамуына гүлдің әсері өте көп болады.
Жиналған өнім терең өңдеу үшін цехке жөнелтіледі. Бал терілген шөптермен
әрленіп, қажетті қоспалармен араластырылады. Дайын өнім құтыларға құйылып,
саудаға шығарылады. Талдықорғандағы кәсіпорын сағатына 1500 құты өнім шығаруға
қауқарлы. Мекемедегі 10 маман былтырдан бері 600 келі өнім өндіріп, тауар
Жетісу облысының нарығын қамтып отыр.
Сұңғат Райымбек, кәсіпкер:
Терілген шөптер алдымен инфрақызыл құрылғының көмегімен өңделіп, қажетсіз қоспалардан тазартылады. Одан кейін дайын өнімге эфир майлары мен гидролат қосылып, арнайы ыдыстарға құйылады.
Бүгінде Жетісу облысының омарташылары 11 мыңнан астам ара ұясын кәсіп қылған. Әсіресе шаруашылық табиғаты қолайлы Көксу, Панфилов және Алакөл аудандарында қанат жайып келеді. Салаға мемлекеттік қолдау да көрсетіліп, шаруаларды қаржыландыру тетіктері қарастырылған.
Данияр Ысқақов, облыстық а/ш басқармасы басшысыынң орынбасары:
Данияр Ысқақов, облыстық а/ш басқармасы басшысыынң орынбасары:
«Ауыл аманаты» бойынша 5 жоба қазір мақұлданып, 36,6 млн теңге аударылды. Азаматтар өздерінің қызметтерін жалғастырып, жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қосымша осы жылға да 2 жоба дайындалып жатыр. Олар өз қаражатын алып, істерін дөңгелететін болады.
Елімізде омарта ісі қанат жайып, салаға заманауи технологиялар енгізіліп жатыр.
Қазақстандық ғалымдар ара шаруашылығын цифрландыруға арнайы платформа әзірледі.
Жүйе арқылы омарташылар ара ұяларын есепке алып, жағдайын бақылап, селекциялық
жұмыстар жүргізе алады. Бұл бастама омарта шаруашылығын дамытуға жаңа мүмкіндік
береді.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теміртауда «Таза ойындар» экологиялық жарысы өтті
20.08.2026, 17:35
СҚО-да дәндік жүгеріні өсіруді қолға алды
20.08.2026, 17:29
Атыраулық диқандар 50 мың тоннадай өнім жинады
20.08.2026, 17:27
Өскеменде қоқыс шығаруды цифрлық жүйемен бақылайды
20.08.2026, 17:25
Гарри ханзада мен жұбайы Меган еліне оралады
20.08.2026, 17:22
Бұрынғы мультимиллиардер қалған өмірін түрмеде өткізеді
20.08.2026, 17:20
Фельдшер Ұ.Мырзуан ісі: Жәбірленуші тарап тыңдалды
20.08.2026, 17:17
Ел жаңалықтарына шолу
20.08.2026, 17:15