Шекара қызметіне жаңа әкімшілік ғимарат салынады
Талдықорғанда Шекара қызметі департаментінің әкімшілік ғимараты бой көтереді. Ел сақшылары бүгін құрылыс жұмыстарының шымылдығын ашып, келер ұрпаққа арналған уақыт капсуласын да салды. Хатта бүгінгі күннің үміті мен сенімі, ел шекарасының берік әрі қауіпсіз болуына деген тілек жазылған. Ал нысан 4 гектар аумақта орналасады. Құрылыс жұмыстары 1,5 жылға жоспарланған. Мұнда 2 әкімшілік ғимарат, жатақхана, қызметке қажетті қоймалар орналасады. Құрылыс жұмыстарына 9 млрд теңгеге жуық қаржы қаралған. Мамандардың айтуынша, жаңа орталық шекарашылардың қызмет етуіне қолайлы жағдай жасап, өңірдегі шекара қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Талғат Дәулетханов, шекара
қызметінің запастағы полковнигі:
Қазақстан мен Қытайдың шекарасы маңызды жері Жетісу облысы болып тұр ғой. Содан кейін осы облысқа дәу нысанды салып жатыр. Дер кезінде шекара отрядтарын, мысалы, Жаркент шекара отрядын, Алакөл шекара отрядына уақытында барлығын апарып бергенге тиімді жағдай.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе облысында өнертапқыштарды қолдай бастаған
05.10.2026, 17:25
Дүниежүзілік азық-түлік күні мерекесі тойланды
05.10.2026, 17:24
Астанада ШҚО жәрмеңкесі ұйымдастырылды
05.10.2026, 17:22
«Ауыл аманаты»: Кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетілді
05.10.2026, 17:20
Шымкенттің қоқысын тасуға тағы жаңа көліктер берілді
05.10.2026, 17:18
Ел жаңалықтарына шолу
05.10.2026, 17:15
Ақмола облысында 38 жаңа медициналық нысан салынған
05.10.2026, 17:13
Көлік, әуе, кеме бағыты цифрландырылуда
05.10.2026, 17:12