Баласын бақыламаған 480-нен аса ата-ана жауапқа тартылды
Түнгі уақытта балаларының қайда жүргенін бақыламаған 480-нен астам ата-ана жауапқа тартылды.
Полицейлер құқықбұзушылықтарды Астана, Шымкент қалалары мен Абай облысында жүргізген рейдтер барысында анықтады. Шараның мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдерге қатысты қылмыстарға жол бермеу, - дейді мамандар. Сондай-ақ рейд кезінде кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі өнімдерін сатуға тыйым салу талаптарының сақталуы да тексерілді. Бұл ережелерді бұзған 28 кәсіпкер жауапқа тартылған. Ішкі істер министрлігі беймезгіл уақытта ересектердің қарауынсыз жүрген жасөспірімдерді анықтауға бағытталған осындай рейдтер еліміз бойынша жалғасатынын ескертті.
Асхат Дүйсенбеков, ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы:
Балалардың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік. Полиция өзіне жүктелген міндеттерді орындайды. Бірақ ата-ананың да рөлі маңызды. Ата-ана баласының қайда жүргенін, кімммен араласатынын, немен айналысатынын және бос уақытын қалай өткізетінін білуі тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы