Абай күнінде Жетісу облысында жүзден аса мәдени шара өтті
Абай күніне орай Жетісу облысында 100-ден астам мәдени шара өтті. Соның ең ауқымдысы Талдықорғанда ұйымдастырылды. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев бастап, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары Абай ескерткішіне тағзым етті. Ұлы ақынның өлеңдері оқылып, әндері орындалды. Мәселен, «Мизам» көшпелі әдеби мектебінің оқушылары ақын өлеңдерін шырқап, театр әртістері бала Абай мен дана Абайдың кездесуін бейнелейтін қойылымды көптің назарына ұсынды. Сондай-ақ жыр мүшәйрасының жеңімпаздары қазақтың қазынасына айналған Абайға жыр арнады. Осындай рухани кештер облыстың аудан-қалаларындағы кітапханаларда да өтті.
Сағындық Жұмәділ, Б.Римова атындағы АДТ көркемдік жетекшісі:
Абай мен үшін бағдаршам. Мысалы, ол кісінің жазған өлеңі болсын, мен өзіме өмірлік нәр аламын. Мен жастарға айтар едім - Абайды оқыңдар. Абайды оқу керек.
Қуаныш Сұлтанұлы, облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы:
Облысымыздағы аудандық, ауылдық кітапханалардың барлығы Абай күніне арналған рухани танымдық әдеби кештер ұйымдастырып жатыр. Түнгі 12-ге дейін біздің кітапханалар ашық. Кітапханалар ашық дегеніміз - бүгінгі күніміз таза Абай Құнанбаевқа арналған күн болып отыр.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе облысында өнертапқыштарды қолдай бастаған
05.10.2026, 17:25
Дүниежүзілік азық-түлік күні мерекесі тойланды
05.10.2026, 17:24
Астанада ШҚО жәрмеңкесі ұйымдастырылды
05.10.2026, 17:22
«Ауыл аманаты»: Кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетілді
05.10.2026, 17:20
Шымкенттің қоқысын тасуға тағы жаңа көліктер берілді
05.10.2026, 17:18
Ел жаңалықтарына шолу
05.10.2026, 17:15
Ақмола облысында 38 жаңа медициналық нысан салынған
05.10.2026, 17:13
Көлік, әуе, кеме бағыты цифрландырылуда
05.10.2026, 17:12