Жамбыл облысында 520 сайлау учаскесі дайын
Жамбыл облысында алдағы Құрылтай сайлауына 730 мыңнан астам тұрғын қатысады. Олар 520 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасай алады. Ал аймақтағы сайлау учаскелерінің дайындық деңгейі орталық сайлау комиссиясының жіті назарында.
Сондықтан бүгін аймаққа Астанадағы комиссия төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман
жұмыс сапарымен келді. Ол кіреберістегі пандустан бастап, дауыс беру
кабиналарына дейін сайлаушыға қандай қолайлы жағдай жасалғанын көрді. Науқан
күні мүмкіндігі шектеулі 2600 тұрғынға 64 сурдоаудармашы бейнеқоңырау арқылы қызмет көрсетеді. Ал көру қабілеті
бұзылғандар үшін брайл қаріпіндегі бюллетень беріледі. Сондай-ақ кабиналарда
аудио нұсқадағы ақпарат батырмасы орнатылған. Олар дауыс беру жайлы ақпаратты
үйден шықпай-ақ inva.gov сайты арқылы біле алады. Жалпы, сайлау күні тегін инва
такси қызметі де жұмыс істейді.
Мұхтар Ерман, ОСК төрағасының орынбасары:
Басты мәселе болған біздің барлық учаскедегі сайлау комиссиясының мүшелері жұмысқа дайын, тиісті семинардан, оқудан өтті. Қолында сертифкаттары бар. Жамбыл облысы бойынша менің объективті пікірім – дайындықтың деңгейі жоғары. Еліміздің 70 мыңнан астам комиссия мүшелері бар, олар жаппай семинардан өтуі керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы