Сыр өңірінде құрылыс қарқыны жеті есеге ұлғайды
Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді. Жыл соңына дейін аймақ тұрғындарына алты мыңнан аса пәтер табысталмақ.
Бүгінде қаладағы Президент саябағы аумағында 9 қабатты 15 тұрғын үй бой көтеріп, ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Алдағы уақытта мұнда мыңға жуық отбасы қоныстанады. Сонымен қатар, өңірде 57 әлеуметтік нысан салынып жатыр. Ірі жобалардың ішінде әмбебап «Қызылорда арена» спорт кешені, 400 орындық емхана және 300 орындық көпсалалы аурухана бар. Ал жуырда жаңа драма театр мен тәулік бойы жұмыс істейтін зәулім кітапхана ғимаратының құрылысы басталды.
Ерлан Төрәлиев, Қызылорда облыстық құрылыс басқармасының басшысы:
22 жылы мемлекеттік бюджеттен біздің салаға 24 млрд теңге бөлінсе, биыл бұл көрсеткіш 177 млрд-қа жетті. Яғни, жеті есе өсіп кетті бұл көрсеткіш. Тұрғын үй саласына 144 млрд теңге бөлінді. Ол қаражатқа біз 6 мың 262 пәтер сатып алып, тұрғындарға береміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01