Пәкістанда жарылыстан 14 адам қаза тапты
Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында болған жарылыстан 14 адам қаза тапты. Жарылғыш затты полиция бөлімшесі жанында жанкешті-лаңкес іске қосқан. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, ол ғимараттың аумағына енгісі келген, алайда полиция жолын бөгеген. Қаза тапқандардың арасында полиция қызметкерлерімен қоса бейбіт тұрғындар да бар. Шабуылды әзірге ешқандай топ мойнына алған жоқ. Тергеу жүріп жатыр. Соңғы уақытта Пәкістанның шекаралас аудандарында әскерилер мен полицияға қарсы шабуылдар жиілеп кеткен. Ел үкіметі Ауғанстан тәліптерін содырларға көмек көрсетті деп айыптап отыр. Алайда «Талибан» мұны жоққа шығарып келеді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06