50 елдің азаматтары виза алу үшін кепіл ақша төлеуге міндетті
АҚШ бүгіннен бастап әлемнің 50 елінің азаматтарына виза алу үшін кепіл ақша жүйесін іске қосты. Енді олар виза алу кезінде 20 мың долларға дейін төлеуге міндетті. Олардың арасында Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түркіменстан бар. Сонымен бірге Алжир, Ангола, Бангладеш тәрізді елдер қосылған. АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдеуінше, бұл елдердің азаматтары визалық тәртіпті жиі бұзғандықтан тізімге енгізілген. Жаңа талап B-1 санатындағы іскерлік және B-2 санатындағы туристік визаға өтініш берушілерге қолданылады. Ал виза иесі АҚШ аумағынан белгіленген мерзімде шықса, визаны пайдаланбаса немесе елге кіргізілмесе, кепіл ақша қайтарылады. Елде болу талаптары бұзылған жағдайда қаражат мемлекет есебінде қалады.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06