Түркияда орман өрті өршіді
Түркияның тоғыз бірдей провинциясында орман өрті өршіді. Апат жайлаған аймақтардың қатарында Анталия, Алания, Муғла сияқты туристік өңірлер де бар. Қатты желдің кесірінен жылдам тараған от елдімекендерге де қауіп төндіре бастады. Жалын тым жақын келген Муғладағы бір мемлекеттік аурухананың қызметкерлері мен науқастар қауіпсіз жерге көшірілді. Бұдан бөлек 300-ден аса үйдің тұрғындары да эвакуацияланды. Апаттың кесірінен бірнеше қалааралық жол да жабылды. Қызыл жалынды ауыздықтауға 23 ұшақ, 54 тікұшақ пен үш мыңнан аса өрт сөндіруші жұмылдырылған. Түркияның Төтенше жағдайлармен күрес басқармасының соңғы мәліметіне сай 4 аймақта орман өрті толық оқшауланған. Қалған бес өңірде тілсіз жаумен күрес әлі де жалғасып жатыр.
Хулуси Шахин, Анталия губернаторы:
Өртті сөндіруге күннің ыстығы мен қатты жел кедергі келтіріп тұр. Оның үстіне орман бірнеше жерде өртеніп жатқандықтан өрт сөндірушілерімізді бірнеше топқа бөлуге мәжбүр болдық. Апат аймағынан елуден аса үйдің тұрғындарын эвакуацияладық. Соңғы ақпаратқа сәйкес 10 үй толық өртеніп кеткен. Дегенмен жарақат алған немесе қайтыс болған азаматтар жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы