Вегетациялық кезең тұрақты өтіп жатыр
Жыл басталғалы су заңнамасын бұзудың 900-ге жуық дерегі анықталған. 56 іс сотқа жолданып, тіршілік нәрін рұқсатсыз пайдаланғандарға 155 млн теңге айыппұл салынған.
Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің дерегінше, еліміздің ірі су қоймаларында 64,2 млрд м³ су жинақталған. Қазір вегетациялық кезең штаттық режимде өтіп жатыр. 20 шілдедегі ақпаратқа сүйенсек, 870 мың гектар егістікке 7,8 млрд м³ су жұмсалған. Соның басым бөлігі оңтүстіктегі бес өңірге тиесілі. Әсіресе күрішке бейімделген Қызылорда облысы мен мақта, бау-бақшаға басымдық берген Түркістан өңірі ерекше бақылауда тұр.
Сейілбек Нұрымбетов, ҚР Су және ирригация министрлігінің комитет төрағасы:
Қызылорда облысында нақты 2,5 млрд м³ су алынып, 117 мың гектар алқап суарылды. Түркістан облысында 2,9 млрд м³ су алынып, 289 мың гектар алқап суарылды. Қолда бар су ресурстары барлық су пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жеткілікті.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Талдықорғанда классикалық музыка кеші өтті
13.11.2026, 14:15
«Пиноккио» кітабы қазақ тілінде жарық көрді
13.11.2026, 14:14
Өскеменде электромобиль мамандарын оқытатын шеберхана ашылды
13.11.2026, 14:12
Петропавлда жедел жәрдем стансасы салынады
13.11.2026, 14:10
Нью-Дели әлемдегі ең лас қала атанды
13.11.2026, 14:08
Түркияда әскери тікұшақ құлады
13.11.2026, 14:07
Жолдауда көтерілген әлеуметтік мәселелердің маңызы зор
13.11.2026, 14:05
Мұғалімдерді қағазбастылықтан құтқару мәселесі талқыланды
13.11.2026, 14:04