Ақтауда баланың жақ сүйегін зақымдаған тіс емханасына қатысты іс қозғалды
Ақтауда 9 жастағы бала тісін емдеткеннен кейін денсаулығы күрт нашарлаған.
Жеткіншектің анасының айтуынша, ем-домнан соң ұлының төменгі жақ сүйегінің 60-70 пайызы зақымданған. Ақмарал Қалжанова биыл ақпан айында ұлын профилактикалық тексеруден өткізу үшін облыстық стоматологиялық орталыққа апарған. Дәрігерлер баланың тісін алдын ала рентген тексеруінен өткізбестен, ем жүргізіпті. Ал, процедурадан кейін тіске пломба салмай, екі аптаға үйіне жіберген. Кейін тағы да екі рет емдеген. Алайда, содан кейін, жеткіншектің тісі ауырып, беті ісе бастапты. Тіпті, жағдайы күрт нашарлап, Астанаға жеткізілген. Мұнда балаға төменгі жақ сүйегінің остеомиелиті және сүйек секвестрі диагнозы қойылып, 2 рет операция жасалды. Қазір жеткіншек тамақты шайнап, жей алмайды. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.
Ғалымжан Бақытжанов, Маңғыстау облыстық стоматологиялық орталығының директоры:
Тәуелсіз сараптама жасадық. Соның шешімі бойынша біздің дәрігерлеріміздің іс әрекеті дұрыс емес деген шешімге келді. Екеуі де жас маман осы 25 жылы жұмысқа кірген. Енді екеуіне де сөгіс берілді. Сарапшылардың айтуынша басынан бастап емді дұрыс жүргізбеген деді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы