Ресейде еңбек мигранттарына талап күшейді
Ресейде көші-қон заңнамасы қатаңдатылды, енді еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс. Ал шетелдік жұмысшы өзімен бірге Ресейде тұратын отбасы мүшелерін ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес табыспен қамтамасыз етуі міндетті. Егер мигранттың табысы белгіленген деңгейден төмен болса, оған еңбек патентін немесе жұмыс істеуге берілген рұқсат қағазы ұзартылмауы мүмкін. Мұндай жағдайда отбасының Ресейде заңды түрде қалуына басқа негіз болмаса, еңбек мигранты кәмелетке толмаған балаларымен бірге 15 күн ішінде ел аумағынан шығуы тиіс. Сондай-ақ Ресей азаматтығын, тұруға ықтиярхатты, уақытша тұруға рұқсатты және басқа да көші-қон құжаттарын рәсімдеу үшін алынатын мемлекеттік баж мөлшері өседі.
Вадим Коженов, сарапшы:
Тек Мәскеу облысында мектепке қабылдауға өтініш берген еңбек мигранттарының 5000 баласы оқуға қабылданбады. Шетелдік жұмысшыларға талап қатаңдатылған сайын олар елден кетуде. Ресейде жұмыс күші жетпей жатыр, сондықтан бұл шектеулер кадр дефицитін арттырады. Жалпы елде еңбек мигранттарына қатысты 10-нан астам заң қабылданған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы