«Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен Құрылтай сайлауына қатысатын саяси партиялар арасында ұлттық теледебат өтеді. Биылғы пікірсайыстың тақырыбы – «Адам капиталы – Қазақстанның болашағы». Дебат барысында жеті саяси партияның өкілдері өз партияларының сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, ел дамуының басым бағыттары бойынша партиялық ұстанымдарын жеткізеді. Пікірсайыс кезінде тұрғындардан әлеуметтік желілер арқылы жолданған сауалдар қатысушыларға қойылады. Сондай-ақ телекөрерменнің сұрақтары мен ұсыныс-пікірлерін қабылдау үшін арнайы Call-орталық жұмыс істейді. Ұлттық теледебат 29 шілде күні сағат 19:25-те «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіледі.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі
27.10.2026, 20:30
Алматыда 5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді
27.10.2026, 20:28
Атырауда ұлттық мерекенің мән-мағынасы дәріптелді
27.10.2026, 20:27
Асыл тұқымды жылқы саны артып келеді
27.10.2026, 20:26
Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған
27.10.2026, 20:25
«Кітап оқитын ұлт»: Түркістан облысынан 73 мың оқырман тіркелді
27.10.2026, 20:23
7 жылда 1483 балабақша ашылды
27.10.2026, 20:22
Балалар арасында көз аурулары көбейген
27.10.2026, 20:21