Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
Google зертханада өсірілген 64 миллион масаны Калифорния мен Флоридаға ұшыруды көздеп отыр. Осылайша, компания ауру тарататын қосқанаттылардың санын азайтпақ. Жоба қалай іске асады? Бұған АҚШ-тың Қоршаған ортаны қорғау агенттігі не деп отыр? Толығырақ Вашингтондағы меншікті тілшіміз Темірлан Нұржанұлының материалында.
Темірлан Нұржанұлы, тілші:
Масаға қарсы күреске маса керек. Қансорғыш жәндіктердің санын азайту үшін Google арнайы жоба ұсынып отыр. Қолданылатын әдіс тосын болғанымен, қисынды. Түсіндіріп өтейін, алдымен мамандар оңтүстік үй масаларын зертханада өсіріп, дамуын жіті бақылайды. Кейін оларға адамға ешбір зарары жоқ, жәндіктерде жиі кездесетін вольбахия бактериясын енгізеді. Қосқанаттылардың көбеюіне кедергі болатын зиянкес те осы. Бұл бактерияны тасыған аталық маса аналықпен шағылысса, олардың жұмыртқасынан дернәсіл шықпайды. Салдарынан келесі буындағы масалардың саны азаяды. Деректерге сенсек, бұл жәндік тасымалдайтын Батыс Ніл вирусынан елде жыл сайын 1300-ден астам адам сырқаттанады. Жобаны іске асыру үшін Google былтыр Құрама Штаттардың Қоршаған ортаны қорғау агенттігіне өтінім жіберген еді. Екі жыл ішінде Калифорния мен Флоридада барлығы 32 млн маса ұшыру қарастырылған. Ұсыныс ашық талқыға салынып, тұрғындар да пікірін білдірді. Енді жауапты агенттік ғылыми деректер мен түскен ұсыныстарды саралап, шешім шығаруы тиіс. Егер тәжірибе ойдағыдай өтсе, бұл әдісті қансорғыш жәндікке қарсы күрестің негізгі құралы деп тіркеуге болады.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай болыңыз: Жолдарда қар аралас жаңбыр жауады
06.10.2026, 13:17
11 өңірде жылу маусымы басталды
06.10.2026, 13:15
Өкпе обасы: Еуропа Одағы мен АҚШ Сібірдегі жағдайды жіті бақылап отыр
06.10.2026, 13:12
Реформа – елдегі демократияны дамытуға бағытталған нық қадам
06.10.2026, 13:09
Тамыздағы тасқын кезінде жоғалып кеткен мыңдаған адамды іздеу операциясы аяқталды
06.10.2026, 13:06
Ұстаздық – әулет дәстүрі
06.10.2026, 13:05
Оман Сұлтанын ресми қарсы алу рәсімі өтті
06.10.2026, 13:00
БҚО-да тазалық ережесін бұзған 7 мың адам жауапқа тартылды
06.10.2026, 10:21