Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

АҚШ Иранға 13-ші түн соққы берді. Одан кемінде төрт адам қаза тауып, бесеуі жараланған. Құрама Штаттан кек алу үшін Ислам Республикасының қарулы күштері Американың Кувейттегі, Бахрейндегі Иорданиядағы әскери базалары мен өзге де нысандарына шабуыл жасады.

Әлем биржаларында мұнай бағасы қайта шарықтап барады. Өткен тәулікте оның Brent маркасы баррелінің құны бірден 7 пайызға өсіп, мамыр айынан бері алғаш рет 100 доллардан асты. «Қара алтынның» күрт қымбаттауына, Сауд Арабиясының негізі мұнай экспорттайтын жолы – Баб-әл-Мандеб бұғазында екі танкердің шабуылға ұшырауы себепші.

Франция үкіметі орман өртіне байланысты Кап-Ферре түбегінің 40 мыңдай тұрғынын түгелдей эвакуациялап жатыр. Ал Испанияда тілсіз жаудан төнген қауіпке байланысты төтенше жағдай жарияланды. Соңғы күндері лапылдаған жалын ел астанасы Мадрид маңында бірнеше ауданды шарпып, мыңдаған адам үйлерін тастап кеткен.

Осы аптада Үндістанда, Пәкістанда, Ауғанстанда төпелеп жауған жаңбыр мен алапат тасқыннан кемінде 82 адам қаза тапты. Сонымен қатар, жүздеген үй қирап, жолдар мен егістік алқаптарын су шайып, талай әлеуметтік мекеме зақымданған.


Бөлісу