Ыстанбұлда дауылдан ағаштар құлап, ғимараттардың шатыры ұшты
Ыстанбұлда сұрапыл дауыл соғып бірқатар ғимараттың шатырын ұшырып әкетті. Үстіне шатыр сынықтары түскен бірнеше адам жарақат алған. Қатты желден ағаштар тамырымен қопарылып жолдарды жауып қалды. Көліктердің үстіне құлаған ағаштар да бар. Метеорологтар шамамен 30 минутқа созылған дауылдың жылдамдығы секундына 15 метрге дейін жеткенін айтады. Ауа райының қолайсыздығынан Ыстанбұл әуежайында бірқатар рейстер қона алмай, желдің басылғанын күту үшін әуеде бірнеше рет айналып келуге мәжбүр болған. Қазір қаланың коммуналдық қызметтері көшелерді тазалап, дауылдан келген шығындар есептеліп жатыр.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06