Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

АҚШ Иранмен соғысқа 37 млрд 500 млн доллар жұмсаған. Мұны Құрама Штаттардың қорғаныс министрі Пит Хегсет мәлімдеді. Айта кетсек, бұл шығын - мамырда жарияланған сомадан 8 млрд долларға көп. Пентагон басшысы Конргестен соғысқа тағы 87 млрд доллар бөлуді сұрап отыр.

Аргентинаның тау баурайында орналасқан Мендоса провинциясына қар жауды. Кей жерлерде ақ ұлпаның қалыңдығы 3 метрге жеткен. Ауа райының қолайсыздығына байланысты, жергілікті тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. 

Үндістанның солтүстік-шығысындағы туннелде жарылыс болып, 12 адам қаза тапты. Тағы 15-і үйінділер астында қалып қойған. Оларды құтқаруға улы бу кедергі келтіріп жатыр. Жергілікті төтенше жағдай қызметінің мәлімдеуінше, апатқа жер асты жолында метан газының тарауы себепші.

Париждің әйгілі Лувр музейі өзінін Аполлон галереясын көпшілік үшін қайта ашты. Айта кетсек, осыдан тоғыз ай бұл жерден француз корольдарына тиесілі 102 миллион доллардың әшекей бұйымдары ұрланғаны белгілі. Мәдени мекеме бүгін өз жұмысын сол экспонаттарсыз бастауға мәжбүр.


Бөлісу