Есірткі тасымалдаған бойжеткен 16 жылға сотталды
Таиландтан ірі көлемдегі есірткі партиясын елге заңсыз әкелмек болған 22 жастағы бойжеткен 16 жылға сотталды. Тергеу барысында қыздың ақшалай сыйақы үшін жалпы салмағы 8,8 келі каннабис сығындысы салынған екі шабаданды Қазақстанға жеткізуге келіскені анықталды.
Ол Алматы халықаралық әуежайына ұшып келген бетте ұсталды. Заңсыз жүк ел аумағына өткізілмей, бірден тәркіленді. Қылмыстық істі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты қарады. Сот бойжеткенді аса ірі көлемде есірткі контрабандасы және заңсыз айналымы бойынша кінәлі деп таныды. Оған 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Шығарылған үкім заңды күшіне енді. Прокуратура өкілдері әлеуметтік желілерде таралатын «оңай ақша табу» немесе «тегін саяхат» туралы ұсыныстардың, көбіне, халықаралық есірткі тасымалдау схемаларының бір бөлігі екенін ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы