Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
Бүгінде балалардың интернетті шамадан тыс пайдалануы психологиялық тәуелділікке алып келуі мүмкін.
Мамандар мұндай жағдайдың алдын алу үшін ата-аналар баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді ерте байқап, цифрлық тәртіпті дұрыс қалыптастыруы қажет екенін айтады. Психологтардың пікірінше, интернетке шамадан тыс тәуелділік эмоционалдық тұрақсыздыққа және әлеуметтік оқшаулануға әкелуі ықтимал. Сонымен қатар ұйқы режимінің бұзылуы, күйзеліс, мазасыздық пен өзін-өзі бағалаудың төмендеуі сияқты психологиялық мәселелер де жиі кездеседі. Мамандар ата-аналарға интернетті толықтай тыйым салудың орнына, оны пайдалану уақытын нақты ережелер арқылы реттеуге кеңес береді. Отбасында экран алдында өткізілетін уақытқа ортақ тәртіп енгізіп, бос уақытты спортпен, кітап оқумен немесе бірлескен серуенмен алмастыру баланың назарын басқа пайдалы әрекеттерге аударуға көмектеседі. Сондай-ақ ата-ананың өзі де гаджеттерді орынды пайдаланып, балаға дұрыс үлгі көрсетуі маңызды, дейді психологтар.
Милана Елеусінова, психолог:
Тәуелділіктің тағы бір құртатын дүниесі – баланың зейіні тұрақсыз болады, яғни, қазіргі балалардың стреске төзімсіздігі,ашушаң келуі – барлығы тәуелділіктің салдары деп айтуға болады.Интернетке, ойынға тәуелді баланы ұстай салып, ұрсу, ұру немесе жазалау емес, керісінше баламен келіссөз жүргізу керек, келісу керек немесе уақытын шектеу керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы