Басты Жаңалықтар Ресейде бензин бағасы тағы да күрт өсті

Ресейде бензин бағасы тағы да күрт өсті

Ресейде бензин дефициті жалғасып жатыр. Кейбір өңірлерде жанармайды тек аптаның үш күнінде сатуға рұқсат етілген. Оның өзінде адам басына 5-10 литрден аспау керек. AИ-92 маркалы бензині тіпті 30 пайызға қымбаттап, кей өңірлерде литрі 350 рубльден сатылып жатыр.  Ресейдегі ең ірі мұнай өңдеу зауытының өртенуіне байланысты жанармай экспортына толық тыйым салынды. Елде автомобиль сату күрт төмендеді. Бір аптада 15 мың автокөлік сатылған, ол алдыңғы аптамен салыстырғанда 40 пайызға аз.

Сергей Лисовский, кәсіпкер:

Бұл қоғамдық көлікке де әсерін тигізді. Дағдарысқа байланысты қоғамдық көлік аз жүре бастады. Автобустардың да сатылымы 34 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, көлік жүргізушілері жетпей жатыр. Жалпы бұл мәселені шешу үшін кешенді шаралар қабылдау қажет.


Бөлісу