Алакөлде катер қаққан зейнеткер екі аяғынан айырылды
Жетісу облысы Алакөл жағалауында катер қаққан 69 жастағы зейнеткер екі аяғынан айырылды. Қайғылы оқиға Көктұма ауылы маңындағы жағажайда болған. Куәгерлердің сөзінше, су көлігінің жүргізушісі зейнеткерді абайсызда басып кеткен. Науқас ауруханаға жеткізілгенде жағдайы мүшкіл еді. Дәрігерлер оған көп мөлшерде қан жоғалту және травматикалық шок диагнозын қойған. Өмірін сақтап қалу үшін шұғыл ота жасалып, екі аяғына да санның төменгі бөлігінен ампутация жасалды. Науқас дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
Жанар Темірханқызы, облыстық ІІД ресми өкілі:
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Шағын су көлігі иелерін қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, ал демалушыларды судағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауға шақырамыз.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе облысында өнертапқыштарды қолдай бастаған
05.10.2026, 17:25
Дүниежүзілік азық-түлік күні мерекесі тойланды
05.10.2026, 17:24
Астанада ШҚО жәрмеңкесі ұйымдастырылды
05.10.2026, 17:22
«Ауыл аманаты»: Кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетілді
05.10.2026, 17:20
Шымкенттің қоқысын тасуға тағы жаңа көліктер берілді
05.10.2026, 17:18
Ел жаңалықтарына шолу
05.10.2026, 17:15
Ақмола облысында 38 жаңа медициналық нысан салынған
05.10.2026, 17:13
Көлік, әуе, кеме бағыты цифрландырылуда
05.10.2026, 17:12