Басты Жаңалықтар Еуропа одағы AliExpress компаниясына рекордтық 550 миллион еуро айыппұл салды

Еуропа одағы AliExpress компаниясына рекордтық 550 миллион еуро айыппұл салды

Бүгін Лейбористік партия лидері 56 жастағы Энди Бернем Ұлыбританияның соңғы онжылдықтағы жетінші премьер-министрі атанды. Король Карл оған үкіметті жасақтауға тапсырма берді. Бернем халықты толғандыратын проблемаларға көбірек көңіл бөлу үшін елін «қайта құруға» уәде беріп отыр.

АҚШ Иранның бірнеше қаласына соққы берген. Бұған жауап ретінде Ислам Республикасы Құрама Штаттардың Иорданиядағы, Кувейттегі, Сириядағы әскери нысандарына шабуыл жасады. Жағдайдың қайта шиеленісуіне байланысты әлем нарығында мұнай бағасы 90 доллардан асып кетті.

Бүгін Еуропа одағы AliExpress компаниясына рекордтық 550 миллион еуро айыппұл салды. Мұндай жаза қытайлық платформа заңсыз әрі қауіпті тауарлар саудасын тоқтата алмағаны үшін қолданылып отыр. Айта кетсек, мамыр айында Temu интернет-дүкені де сандық қызмет заңын бұзғаны үшін 200 миллион еуро айыппұл арқалағаны белгілі.

Нидерландыда су тапшы. Бұған ұзаққа созылған қуаңшылық, аптап ыстық және Рейн мен Маас өзендері деңгейінің төмендеуі себепші. Жағдайдың қиындауына байланысты жергілікті үкімет жаңа режим енгізіп, су ресурстарына бақылауды күшейтуге кірісіп жатыр.


Бөлісу