Аллергияға шалдыққандар қатары 1,5 есе өсті
2050 жылға қарай әлем халқының жартысына жуығы аллергиямен бетпе-бет келуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп дабыл қақты. Егер, мәселе қазірден шешілмесе, 25 жылдан соң адамдар сыртқа тек арнайы қорғаныс киімімен ғана шығуы мүмкін, дейді. Адамзатқа қауіп төндірген аурдың белең алуына не себеп? Қалай алдын аламыз? Тақырыпты әріптесім Асылбек Данияр зерттеп көрді.
Алматылық Әлібек секілді аллергиямен күресіп жүргендердің қатары жыл сайын артып келеді. Дамыған елдер халқының 20 пайыздан астамы осы сырқатқа шалдыққан. Ал Қазақстанда соңғы 5 жылда аллергиямен ауруханаға түскендер саны 1,5 есе артқан.
Көбі балалар мен еңбекке жарамды жастар. Олар Астана, Алматы, Шымкент қаласы мен Жетісу, Түркістан облысының тұрғындары.
Өз бетінше дәрі ішу, табиғаттың ластануы, дұрыс тамақтанбау, жүктілікті жоспарламау, тұқымқуалаушылық. Мұның бәрі аурудың пайда болуына әсер ететін негізгі фактор.
Дәрігерлер аллергияға «өткінші ауру» ретінде қарауға болмайтынын ескертеді. Бөртпе шығып, түшкіру жиілеп, мұрын бітелсе бірден емханаға қаралу маңызды, дейді.
Нұржамал Дегенбаева, аллерголог:
Бұл дабыл қағатындай дүние. Аллергияны емдемесе, көп аурудың өршуіне әкеп соғады. Атопический дерматит. Қазіргі балалардың екеуінің біреуінде атопический дерматит. Біріншіден, емделмесе созылмалы түрге кетеді. Оның ішінде бронхиальная астма балаларға. Үлкендерге – мұрындарына опреация істеп жатыр аденоид, дейді. Өкпенің дұрыс әрі қарай жұмыс жасамауына, өміріміздің қысқаруына әкеледі.
Нутрицилолог газдалған және энерегетикалық сусын, фасфут, тамақтың құрамындағы зиян заттар аллергияны қоздырушы негізгі фактор екенін айтады.
Аружан Ерсайын, нутрициолог:
Аллергияны тудырмау үшін: Дұрыс тамақтану, соның ішінде ақуызға бай тағамдарды пайдаланғанымыз дұрыс әсіресе, ет өнімдерін. Суды көбіреу үшу сонымен қатар, сапалы ұйықтау осының ішіне кіреді. Және физикалық белсенділікті де қатар алып жүрген маңызды.
Экологтар жаһандық жылынудың әсерінен өсімдіктердің тозаңдануы кезеңі ұзарып, аллергияның маусымдық сипатын жойып, жыл 12 ай жалғасуы мүмкін екенін айтады.
Айдана Қыдырова, эколог:
2050-ге дейін бізде температура, планета қатты жылып кетсе, ол кезде бізде аллергияның саны да көбейіп кетеді. Қазіргі кездің өзінде 3-4 адамның бірінде аллергия, ал, болашақта біз барлығымыз аллергия болуымыз мүмкін. Және де ЭКО, БИО деген заттарды оқып, соларды аламыз да, соларды пайдаланамыз. Оның барлығы дұрыс деген сөз емес. Аллергия бізде көбінесе дұрыс заттарды химиялық жағынан дұрыс таңдамаудан болады.
Қала халқының өсуі, табиғаттың ластануы, көгалдандыруға қолданатын ағаштарды идұрыс таңдамау – аллергияны қозыдаратын негізші күш.
Дәрігер:
Бүкіл дәрігерлер: гинекологтар бар, басқа терапевт бар, аллергологтар бәріміз басымызды біріктіріп дұрыс шешім қабылдауымыз керек.
Эколог:
Арнайы препараттар да бар, ландшафты архитектура да дамып жатыр, бізде қазіргі кезеңде электро машиналардың саны да көбеюде. Мен ойлайм қазіргі кезеңде халықтың экологиялық мәдениеті көтерілсе, ол кезде біз оны ондай киімдерсіз де оны өтіп кете аламыз ондай проблемадан.
Түйін! Аллегрияны өршіту немесе тоқтату - адамазаттың өз қолында. Дұрыс тамақтанбай, экологиялық жауапкершілікті сезінбей – денсаулықты сақтап қалу мүмкін емес.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы