7400 адам көлік жүргізу құқығынан айырылды
Елімізде жеті жарым мыңға жуық адам көлік жүргізу құқығынан айырылды. Себебі, олардың денсаулығы жарамайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жалпы Қазақстанда 21 мыңнан астам жүргізушінің көлік басқаруға медициналық қарсы көрсетілімі бар. Осы шектеулерге байланысты полиция 13 мыңнан астам істі сотқа жіберді. Заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде 7 мың 400 жүргізуші куәлігі жарамсыз деп танылды. Енді олар көлік жүргізе алмайды. Эпилепсиямен ауыратын, екі көзі дұрыс көрмейтін немесе психикалық ауруы бар сондай-ақ, есірткі сынды заттарды қолданатындарға көлік басқаруға тыйым салынады. Көлік жүргізуге мүмкіндік бермейтін медициналық қарсы көрсетілімдер тізімі Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген. Бұйрық пен тізімді Әділет министрлігінің сайтына кіріп, толық танысуға болады. Ал соңғы сегіз айдың ішінде бір ғана Павлодар облысында 8 мыңға жуық көлік жүргізуші жазаланды. Олардың барлығы көліктің қауіпсіздік белдігін тақпаған. Әр қайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде яғни, 21 мың теңгеден аса айыппұл салынды. Мамандар жүргізуші куәлігін алғаннан кейін ол адамның денсаулық жағдайы қалай бақыланатынын жеткізді. Енді жүргізушілердің денсаулығы Денсаулық сақтау және Ішкі істер министрліктерінің ақпараттық жүйелері арқылы бақыланады.
Айдана Желібаева, ҚР ДСМ Медициналық көмек көрсету департаментінің бас сарапшысы:
Өзгеріс министрліктер арасында Денсаулық сақтау Ішкі істер министрлігі арасында интегррацияның болуы. Егер, науқас медициналық тексеруден өткеннен кейін онда қосымша осы қарсы көрсетілімге кіретін диагноздың коды анықталып тұрса, ол міндетті түрде ішкі істер министрлігіне интеграцияланады. Жүргізушіні қайта шақыртып, жүргізуші куәлігін куәландыруға қайта шақыртады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы