Көшпенділер ойындары: Қоржында 25 алтын
Қырғыз елінде өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қоржында 25 алтын бар. Бүгін жерлестеріміз бәйге, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, теңге ілу мен арқан тартыста олжалы болды.
Азат Қадырбек, тілші:
Алғашқы алтынды мергендер сыйлады. Әлемнің 52 елінен 196 спортшы жүлдеге таласқан дәстүрлі садақ атуда Әсемгүл Ғалымжанова үздік шықса, Айкөркем Батихан күміс медаль олжалады. «Пута» нысанасында алтын және қола жүлде де Қазақстан құрамасына бұйырды. Күрестен 3 отандасымыз финалға дейінгі қарсыластарын қоғадай жапырды. Нәтижесінде қазақтың қара бурасы Нұрдәулет Жарылғапов пен Нұрдәулет Бақтыбайұлы күміс жүлдегер атанды. Ал ең жеңіл салмақ – 60 келіде бір апта бұрын Әлем чемпионы атанған Ернұр Сүлеймен әлемінің үздігі екені кезекті рет дәлелдеді.
Ернұр Сүлеймен, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы:
Мыңдаған көрермен тапжылмай тамашалаған ұшқыр бәйгенің 2400 метрлік қашықтығында өзгелерден зерек болған Рамазан Табылдиевтің тізгініндегі Зерек атты тұлпарымыз мәре сызығын бірінші болып кесті. 18 шақырымдық топ бәйгеде де топ жардық. Балғын шабандозымыз Ерсұлтан Жарқын қарсыластарын бір айналым басып озып, мәреге жеке дара келді.
Ерсұлтан Жарқын, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы:
Теңге ілуде 10 мемлекеттің ат құлағында ойнаған жігіттері сынға түсіп, финалда отандасымыз Қанат Бақтыбай 26 теңгенің 25-ін ілді. Әлем назарын аудартқан арқан тартыста да бүгін алтын жүлде қанжығамызға бұйырды.
Автор
Азат Қыдырбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысында 2 мың жазасын өтеуші жұмыс істейді
04.09.2026, 20:20
Айыппұлмен келіспеген жүргізуші 10 тәулік ішінде шағымдана алады
04.09.2026, 20:09
7400 адам көлік жүргізу құқығынан айырылды
04.09.2026, 20:07
Ақмола облысында жыл соңына дейін инклюзияны қолдау бойынша 30 кабинет ашылады
04.09.2026, 20:05
Қытайда жойқын су тасқыны болды
04.09.2026, 20:05
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті
04.09.2026, 20:05
Ұлттық банк зейнетақы активтерін кәсіби басқарушы компанияларға беру тәсілін өзгертпек
04.09.2026, 20:05
Президент Экология министрін қабылдады
04.09.2026, 20:05