Ұлттық банк зейнетақы активтерін кәсіби басқарушы компанияларға беру тәсілін өзгертпек
Зейнетақы қорындағы қаржыны басқарушы компанияларға аудару тәсілі өзгереді. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жаңа жоспарды таныстырды. Қазір азаматтар зейнетақы жинағының 50%-на дейінгі бөлігін өздері таңдаған компанияға беруге құқылы. Алайда бұл мүмкіндікті пайдаланатындар саны тым аз. Сондықтан бас банк бұл жұмысты өз қолына алмақшы. Жаңа тетік бойынша Ұлттық банк зейнетақы активтерінің жекелеген портфельдерін конкурс арқылы кәсіби инвестициялық компанияларға береді. Олардың жұмысы ай сайын, тоқсан және жыл сайын бағаланады. Жоғары кіріс көрсеткен басқарушы портфельді сақтап қалады. Ал нәтижесі төмен компаниядан активтер алынып, тиімді жұмыс істегендеріне беріледі. Жаңа жүйе 2027 жылдың соңына қарай іске қосылуы мүмкін.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары анықталды
16.10.2026, 20:12