Айыппұлмен келіспеген жүргізуші 10 тәулік ішінде шағымдана алады
Камера арқылы тіркелген айыппұлмен келіспеген жүргізуші оған шағымданып, даулауға құқылы. Ол үшін алдымен Qamqor.gov.kz сайтынан фото - бейнежазбаларды тексеру қажет. Құқық бұзушылық расталмаса, дәлелдерді тіркеп, «E-Otinish» жүйесі арқылы онлайн шағым беруге болады. Ең маңыздысы арызды айыппұл салынған немесе қаулыны алған күннен бастап 10 тәулік ішінде ұсыну керек. Мамандар 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуге асықпаған жөн дейді. Өйткені бұл құқық бұзушылықты мойындау ретінде қарастырылуы мүмкін. Ал көлікті басқа адам жүргізген болса, нақты жүргізуші туралы ақпарат көрсетуге болады.
Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары:
Жол қиылысында тұрған автоматты тіркеу жүйелері автоматты түрде құқық бұзушылықтарды анықтайды. Анықталғаннан кейін ол процессингті орталық көмегімен өңделеді. Ол жерде де кез келген болуы мүмкін. Егер жүргізушіге ұйғарым қате баратын болса, кез келген жүргізуші айыппұлмен келіспеген жағдайда ӘҚК 44-бабына сәйкес арыз тастап, ӘҚБ расталмаған жағдайда іс қысқартуға жатады.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12