Қытайда жойқын су тасқыны болды
Қытайда теңіз дауылы тұрып, бірнеше қаланың астаң-кестеңін шығарды. Өзендер арнасынан тасып, Чжанчжоу, Фучжоу, Цюаньчжоу және Ниндэ шаһарларын су басты. Қызыл судың құрсауында қалған 80 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Мыңдаған тұрғын үй мен көлік, ауыл шаруашылығы алқаптарын түгел су шайды. Жергілікті жердегі әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындарда жұмыс тоқтады. Шатқалдардың ішінде лай көшіп, кесек тастар жолдарды жауып қалған. Қазір Фуцзянь провинциясында төтенше жағдай жарияланды. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Лю Луншэн, ұлттық метеорологиялық орталықтың инженері:
Бұл биылдыққа тіркелген 18-дауыл. Тайфунның әсерінен жауын-шашын толассыз жауып өзен-көлдер арнасынан шықты. Қазір Саудель тайфуны секундына 23 метр жылдамдықпен солтүстік-шығысқа қарай жылжып барады. Алдағы күндері оның екпіні күшейіп, тропикалық дауылдың деңгейіне жетуі мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12