Басты Жаңалықтар Ресейде бюджет тапшылығы үдеп барады

Ресейде бюджет тапшылығы үдеп барады

Ресейде биыл федералды бюджет тапшылығы жеті триллион рубльге дейін баратын түрі бар. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 1,3 трлн рубльге көп. Алғашқы алты айда бюджет шығыны кірістен 6 трлн рубльге асып түсті. Басты себеп Ресейге қарсы экономикалық шектеулердің көбеюі, инфляцияның шарықтауы. Ресей мұнайының құны арзандағандықтан, қазынаға түсетін қаражат да қысқарған. Қазір Еуроодақ 21 санкциялар пакетін әзірлеп жатыр. Ол қабылданса, Ресейге сұйытылған табиғи газ тасымалдайтын танкерлерді сату шектеледі. Ресей мұнайын сатуға немесе өңдеуге байланысты порттар, әуежайлар мен мұнай өңдеу зауыттары қара тізімге кіреді. Ресейдің екі порты, төрт әуежайымен транзакцияларға шектеу енгізіледі. Мұнай бағасының шекті құны барреліне 44 доллар болады.

Дмитрий Журавлев, сарапшы:

Бұл санкциялар әсіресе импорт мен экспортқа кері әсерін тигізуде. Себебі Ресейде көптеген компаниялар шикізатты шетелден тасымалдайтын. Осыған дейін үшінші елдер арқылы экспорттаса, енді оған де шектеу қойылады. Демек, бұл экономикаға өте ауыр соққы.


Бөлісу