Басты Жаңалықтар Алматыда электрлі самокаттарға қатысты жаңа ережелер енгізілді

Алматыда электрлі самокаттарға қатысты жаңа ережелер енгізілді

Алматыда самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынады. Жаңа тәртіп бойынша олар тек арнайы велосипед жолақтарымен немесе жолдың оң жақ шетімен қозғалуы тиіс.

Жаңа ережелер 25 тамыздан бастап күшіне енеді. Талаптарға сәйкес, жеке меншік электрлі самокаттарды мемлекеттік тіркеуден өткізу міндеттелмейді. Ал мемлекеттік үлгідегі нөмір белгілерін тек кикшеринг қызметін көрсететін компаниялардың самокаттарына орнату міндетті болады. Жеке электрлі самокат иелері де жол қозғалысы ережесін бұзса,  заң аясында әкімшілік жауапқа тартылады. Ресми мәліметке сәйкес, алғашқы 6 айда Алматыда электросамокаттардың қатысуымен 83 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 89 адам түрлі деңгейдегі жарақат алған. Сондай-ақ 1 сәуірден бастап 200-ден аса пайдаланушы каскасыз жүргені үшін жазаланған.

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

Жарты жыл ішінде біз түсіндірме жұмыстарын барынша жүргіздік. Енді 25 тамызда бірқатар өзгертулер енгізіледі. Электросамокаттарды тізгіндейтін азаматтарға жаяу жүргіншілер жолына, тротуарларға шығуға тыйым салынған. Сосын эклектромасокаттар жол жүру куәлігі жоқ азаматтарға берілмейді.


Бөлісу