Табиғат аясында от жаққандарға 400 мың теңгеге дейін айыппұл салынады
Алматыдағы Іле-Алатау ұлттық паркінде өрттің алдын алу шаралары күшейтілмек. Енді табиғат аясында от жаққандарға 400 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.
Ал қызыл жалынның салдары ауыр болса, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке де тартылады. Қазір Іле-Алатауы ұлттық паркінің аумағында күзет аймағын құру жобасы әзірленіп жатыр. Тілсіз жаудан сақтануға қатысты жаңа талаптар да дайындалуда. Алайда олардың нақты қандай болатыны әзірге белгісіз. Мамандардың айтуынша, барлық талап сараптамадан өткеннен кейін ғана күшіне енеді. Айта кетейік, биыл алып шаһарда құрғақ шөптің жануына байланысты 103 жағдай тіркелген. Ал орманды және таулы аумақ өрттен аман.
Дулат Жандар, қалалық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы:
«Қазгидрометтің» болжамынша, алдағы уақытта күннің қатты ысуы байқалып отыр. Бекітілген орындардан басқа жерде өрт жағуға тыйым салынғанын ескерткіміз келеді. Күннің ыстық кезінде, желді күндерде болмаса талдың астында өрт көп тудыратын көптеген орындарда жағуға боламайтынын жеткізгіміз келіп отыр.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан делегациясы Халықаралық ғарыш саммитіне қатысып жатыр
12.09.2026, 10:08
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19
Бір түнде 3 адамға трансплантация жасалды
11.09.2026, 20:19