Сауалнама: Азаматтардың 72,1%-ы Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға дайын
Бір палаталы парламент заң шығару жүйесін жетілдіруге жол ашады. Бүгін Алматыда өткен «Құрылтай – заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасының негізі» атты сараптамалық алаңына қатысқан сарапшылар осындай пікір білдірді. Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастырумен өткен басқосуда Құрылтайдың конституциялық трансформациясы сөз болды. Сондай-ақ отырыста цифрлық Құрылтай тұжырымдамасын енгізу жөніндегі ұсыныстар айтылды, яғни, бұл бірыңғай цифрлық жүйені құрып, заң шығару үдерісінің барлық кезеңін ашық етуді, заңнамалық бастамалар мен қоғамдық ұсыныстарды талдауда жасанды интеллект технологияларын қолдану дегенді білдіреді. Жиында тұрғындардың электоралдық көңіл-күйіне арналған әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері де таныстырылды. Сауалнама деректеріне сәйкес, азаматтардың 72,1%-ы Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға дайын екенін білдірген. Бұл қоғамның алдағы сайлау науқанына жоғары қызығушылық танытып отырғанын көрсетеді» - дейді мамандар.
Айгүл Сәдуақасова, Философия, саясаттану және институтының бас директоры:
Құрылтай дегеніміз – заң қабылдаушы орган, біріншіден. Бірақ ол тек заң қабылдаушы орган емес, оның негізгі тағы бір мақсаты – қоғамды біріктіру, қоғамдағы әртүрлі мүдделердің басын біріктіру, еліміздің, тәуелсіздіктің негізгі құндылықтарын сақтау.
Жеңісбек Төлен, ҚР ҰҒА Білім және қоғамдық даму ғылымдары орталығының жетекшісі:
Менің ұсынбағым: біздегі Құрылтай дәл осы әлемдік тәжірибенің озық үлгілерін пайдалана отырып, осы модельдерден қажетті бастамаларды алуы қажет. Заңды тікелей халықтың ұсыныстарын жинақтау арқылы Құрылтайға халықтық Парламент деңгейінде жұмыс жасау өте қажет деп есептейміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы